Жүлде құтты болсын!
ЭКСПО көрмесі аясында «Қазанат» ипподромында өткен 15 шақырымдық «Топ бәйгенің» жүлде қоры – 15 млн теңге.
Жарысқа 35 асыл тұқымды сүйгілік қатысты. Мәреге Алматы облысынан Ақжол Жұматайдың тұлпары келді. Шығыс Қазақстаннан келген Еркүт Түсүнәлінің сәйгүлігі екінші орынға табан тіреді. Ақмола облысынан келген Ризаев Даниялдың жүйрігі үшінші орынға жайғасты.
Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақмола облысының әкімдігі, Ұлттық ойын түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа еліміздің барлық облыстарынан сүйгүліктер қатысты.
