Өзгерістерге үн қосамыз
. Бұл дамыған мемлекеттер де бұрыннан бар тәжірибе. Мәселен, АҚШ-та 19 ғасырдан бері қолданылып келеді. Бұдан былай біз үшін де жаңалық емес екені қуантады. Елбасының жолдауында айтылған 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін де осындай өзгерістер қажет. Ұлтының мұратын жеке көзқарасынан бірінші орынға қойып, білімі мен білігін ел мүддесіне жұмсап жүрген азаматтарымыз жетерлік. Ендігі жерде мемлекеттік қызмет пен сайланбалы лауазымдарға сондай азаматтар көптеп баруы тиіс. Партияішілік іріктеу процедурасы соған тура жол ашып тұр. Бұл жаңашылдық, бір жағынан қарапайым қазақстандықтар мүддесін жетік қорғай алатын азаматты жаңылмай таңдауға ерік берсе, екінші жағынан болашағын елге деген қызметпен байланыстыратын белсенді азаматтарға өз потенциалын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Мен праймеризге қатысамын. Оқас НҰРМАМАН, Кеген аудандық Мәдениет үйінің директоры
