Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

Аудандық мəслихат депутаттығына үміткер Бердімұратов Нұрлан Төреханұлы Аудандық аурухана ұжымымымен «Nur Otan» партиясының бағдарламаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізіп, партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндап, партияның сауатты да жүйелі жұмысының арқасында еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айта келіп, бірқатар салаларды қамтып өтті.Кездесуде қоғамдағы түйткілді мәселелер ашық талқыланып, түйткілдің түйінін тарқату жолдары нақты түсіндірілді.Мен аурухана ұжымының ұсыныс-пікірлерін түртіп алып, болашақта партияның назарында болатынын жеткізді.

Аурухана ұжымы бағдарлама таныстырылымынан соң, 10-қаңтар күні өтетін сайлауға сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Халықтың сенімі - жауапкершілікті жүктейді!

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
154

Осы тақырып бойынша

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! - Yvision.kz