Зейнетақы жүйесі (Все о пенсионной системе Казахстана, с субтитрами на русском)
Қосылғыштардың орны өзгергенмен, қосынды өзгермейді. Бастауыштағы басты ереже бәріміздің есімізде. Зейнетақы қорын ауыстыра бергеннен, ондағы табыс та артпайды. Заман көрсеткен заңдылық бұл. Жуырда БТА Қазақстан зейнетақы қорының ҰларҮмітке қосылатындығы белгілі болды. Тағы да қосылу, тағы да өзгеріс. Әйтсе де, бұл қосынды салымшылардың сеніміне секем түсірмей ме? Әңгіменің ашығы, ақшамыз азайды ма, артты ма деп алаңдаушылар көп.
