Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару

Мемлекеттiк қызмет «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңы 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргiзу тәртiбi туралы ереженiң 61 - 71-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы №1232 (ҚБПҮ) қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы жергiлiктi әскери басқару органдары туралы ереженiң 9-тармағы 19) тармақшасының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілде №745 Қаулысының және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет мыналарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатқызылған азаматтардың барлық санаттарына көрсетiледi:
1) әскери-есептiк мамандығы жоқ әйелдер;
2) әскери мiндеттi атқарудан босатылғандар;
3) бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеушiлер;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратындар.
Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
Әәскери есепке қою үшiн:
Øжеке куәлiгiнiң түпнұсқасы;
Øбұрынғы әскери есепте тұрған жерiнен әскери есептен шығарылғандығы туралы белгiмен әскери билет немесе уақытша куәлiк (әскери билеттiң орнына);
Øжүргiзушiнiң куәлiгi (ол бар болған кезде);
Әскери есептен шығару үшiн:
Ø белгiленген үлгiдегi арыз;
Øәскери билет және куәлiктiң көшiрмесi (әскери билеттiң орнына) құжаттары талап етіледі.
Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша бірлесе жұмыс атқаратын болсақ нұр үстіне нұр болар еді. Біздің мекемеде таң ертеңнен кешке дейін кезекке тұрған азаматтардың саны шексіз екені баршамызға мәлім. Осы кезекті жоюға септігі тиетін болар еді деп өз сөзін қорытындылады.
0
0
1226

Осы тақырып бойынша

Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару - Yvision.kz