Закиржан Пирмухамедовичтің жоспарланған түрде азаматтарды қабылдауы өтті.
14 сәуірде «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Панфилов ауданындағы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Алматы облысы мәслихатының депутаты КУЗИЕВ Закиржан Пирмухамедовичтің жоспарланған түрде азаматтарды қабылдауы өтті.
Аудан азаматтарының өтініштері әртүрлі болды, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолжетімді баспана, жұмысқа орналастыру, онкологиялық аурумен ауыратын балаларды емдеуге көмек көрсету, грант негізінде дарынды балаларға білім беру, сондай-ақ аудан азаматтарымен «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алды бағдарламасының жол картасын орындау туралы бөлісті.
Қабылдауға жазылған жеті мұқтаж азаматтарға олардың мұқтаждықтарын ескере отырып қаржылай қолдау көрсетілді.
Қоғамдық қабылдау бөлмелері партияның халықпен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
