Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заң шеңберіндегі журналистика

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, яғни журналист бүгінгі заң бұзушылық өрбіген заманда өз міндетін қалай атқаруда? Журналистке кез-келген ақпарат алу барысында этикалық нормаларды сақтай отрырып, заң шеңберінен аспауы да маңызды аспект болып табылады. Демек, әрбір журналист Қазақстан Республикасының Ата заңын жатқа білсе атқарылып жүрген жұмыстары барысында сапалы, әрі позитивті дүние тууына ықпал етер еді.  Еліміздің Конституциясына қоса өзге де талаптар бар. Бүгінгі дамыған қоғамда кез-келген мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, фирма, компания, зауыт, бизнес орталықтарының, т. с. с. өздерінің  атқарылатын функцияларына қарай, ата-заңмен қорғалатын  арнайы сақталатын ережелері, нормативтері, құқықтары мен міндеттері бар.

Журналист басқа сфераның заңдарын толықтай білуден алдын, өз саласының конституцияда белгіленген заңды жаттап алғаны абзал. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шілдедегі №-451 заңы БАҚ саласына арналған.  Бұл заң 7-тарау, 26 баптан тұрады. Олар:

  • 1-тарау. Жалпы ережелер
  • 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
  • 3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
  • 4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы
  • 5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
  • 6-тарау. Журналистерді аккредиттеу
  • 7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы 
    заңдарды бұзу үшін жауапкершілік

Бұл заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Журналист – универсальды қызмет ету маманы. Ұлы Наполеон Бонапарттың «4 газеттен қорқыңдар» деген афоризмге айналған сөзі бар. Демек, бұл маман иесі қаншалықты «таза» қызмет атқарса, соншалықты ел мықты болады. «Таза» дегеннің астарында әрбір материалға шын ықыласпен кірісіп, жалған мағлұматтарға ауытқымай, «аға-көке» деп өтірік мақтап-мадақтаудан аулақ болып,  этика әрі заң шеңберінен шықпай, жан-жақты ізденіп, яғни пешенеден тер тамғанша еңбектеніп әзірлеп шықса, қалың бұқара мейіл жаман, мейлі жақсы бірақ фактіге сүйеніп жазылған дүниені сүйсіне оқиды т. е. (көреді, тыңдайды).

Шынайы ақпараттар ғана елдің ішкі және сыртқы бірлігіне кепіл бола алады. Ал біздің, ақпарат таратудан да бірінші тұратын мақсатымыз осы болуы тиіс деп ойлаймын.

 
2
0
1520

Осы тақырып бойынша

Заң шеңберіндегі журналистика - Yvision.kz