Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты жоғарыда айтылған стандарт бойынша жүзеге асырылады.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, «Комерциялық емес ұйымдарды тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеу осы стандарттың 1-қосымшасының 2 бөлігіне сәйкес құжаттар тапсырады.
2013 ждылдың 9 қаңтарында күшгіне енген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша салық басқармасынан қарызы бар (жоқтығы) туралы анықтама талап етілмейді.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі,  «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Қағаз тасығышта қайтадан куәлік немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының бекітілген стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), ал дайын құжаттарды беру 5-күні жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар немесе оның уәкілетті өкілі  орталыққа:
1) қайтадан куәліктерді немесе мұрағаттық анықтамаларды беру туралы белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы);
2) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжатты;
3) өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжат ұсынады.
0
0
1326

Осы тақырып бойынша

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» - Yvision.kz