« Заң білгірлері»

2015 жылдың желтоқсан және мамыр айларында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де мектеп Лигасының омбудсмендерімен ашық сабақ өткізілді. Меңгерілген ақпаратты бекіту ретінде инспектор – юристтің көмегімен «Заң білгірлері» конкурсы жүргізіліп, нәтижесінде «Павлодар қаласының басты омбудсмены» тағайындалды. Оның негізгі міндеті Жастарға қызмет көрсету орталығының инспекторіне көмек көрсету болып табылады. Іс-шаралардың осы түрі адамның құқық қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
