Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны аман алып қалды

Полицейлердің қырағы жұмыстарының нәтижесінде Сырдария өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1991 жылы туылған Астана қаласының тұрғыны құтқарылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының бірінде әкімшілік аумақ көлемінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция қызметкерлері, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дәурен Ибатаев, ЖППБ-ның саптық бөлінісінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Мақсут Желдербаев, ЖППБ-ның саптық бөлінісінің полицейі полиция аға сержанты Қуаныш Жусипов суға секірейін деп тұрған қызды көреді. Дереу полиция жасағын шақырып, өздері азаматшаны құтқару мақсатында суға сүңгіп кетеді. Азаматшаны судан аман алып шыққаннан кейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, жәдел жәрдем шақырылады. Полиция қызметкерлерінің де, азаматшаның да хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда ауруханаға жатқызылды.

Азаматшаның бұл қадамға бару себептерін анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
305

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны аман алып қалды - Yvision.kz