Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 3 қала тұрғынын құрықтады

Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын ірі көлемде сақтаған адамдар тобын анықтап, құрықтады.

Сезіктілердің  үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас заттек салынған орамалар анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен 1 кг. 179 гр.-ды құрайтын «марихуана» және 207 гр.ды құрайтын «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 35 және 31 жастар шамасындағы 3 азамат ұсталып, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
307

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 3 қала тұрғынын құрықтады - Yvision.kz