Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 шілде аралығында облыс көлемінде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бірінші күнінде полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығы қылмысының 6 дерегі анықталып, аталған қылмыстарды жасаған үшін  7 қылмыскер құрықталды. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар шілде айының 29-на дейін жалғасын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
283

Осы тақырып бойынша

Қызылордада «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде - Yvision.kz