Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеу мәселесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын күнделікті қызметте қолдану тәсілдері туралы түсіндірме беріп, заңның қолдану шеңберінде туындайтын сұрақтар бойынша пікір алмасу болып табылады.

Кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарма басшысының міндетін атқарушы  Ізкенов Бағдат Оразбекұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Байқуатова Марал Жұмабекқызы, департаменттің Әкімшілік полиция, Көші-қон полиция басқармалары, Күзет қызметін бақылау бөлімі, Қызылорда ҚІІБ және барлық АІІб  басшыларының орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесті Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов ашып, семинар-кеңестің бағдарламасымен  таныстырды, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Шара барысында Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары С.Умаровтың, Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Жүсіпованың баяндамалары тыңдалды.

Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес  заңнамалар төңірегінде өзара пікір алмасумен аяқталды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 
0
0
1477

Осы тақырып бойынша