Қыздар рингке шықты
Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталады. Оған Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан құрамаларықатысады.
Бұл бәсеке матчтық кездесу жүйесі бойынша өткізіледі. Яғни әр команда бір-бірімен күш сынасу арқылы жеңімпазды анықтайды. Еңбастысы, барлық елдің ұлттық құрама бапкерлері өздерінің үздік былғарықолғап шеберлерін осы турнирге қатыстыруды құп көрген екен. Бұл – жарыс деңгейі жоғары болады деген сөз. Бақ сынаушылар арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшылар да бар. Ал Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі), Азия чемпионы Жайна Шекербаева (51 келі), ел біріншілігінің жүлдегері Сания Сұлтанқызы (54 келі), Қазақстан чемпионы Оксана Королева (57 келі), құрлықтықдоданың қола жүлдегері Фирюза Шәріпова (60 келі), Азия чемпиондары Саида Хасенова (64 келі) мен Дариға Шәкімова (69 келі), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова (75 келі), әлем чемпионатының финалисі Жұлдыз Маматқұлова (81 келі) және ел біріншілігінің қола жүлдегері Ләззат Күнгенбаева (+81 келі) сынды боксшылар өнер көрсетеді.

