Қыстан қысылмай шыққан абзал
Қала көшелерін қардан тазартып, асфальт бетіне тұз себеді. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Жүргінші жолының да сең қатып, тайғаққа айналмасын қамтамасыз ету керек. «Жаз шанаңды, қыс арбаңды» сайла деген халық даналығы бар.

Осы ретте «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы облыстың қысқы тазалық жұмысына дайындықты пысықтаған отырысы өтті. «Zoоm» платформасымен онлайн жүйеде өткен жиынға Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Танекенов қатысты.
Басқарма басшысының сөзінше, тиісті құрылымдар қысқа әбден дайын. Құрал-жабдықтар, техникалар сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жағар май да, жолға себілер қоспалар да жеткілікті. Мамандар да қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қаланы қар құрсауында қалдырмас үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Тек жүргізушілер мен жүргіншілердің түсіністігі керек. Қар жауған сәтте жүргізушілер көліктерін жол жиегіне қойып кетіп, арнайы қар тазалайтын тахникалардың жұмысына кедергісін де келтіреді. Әйтпесе, қысқа қам әбден жасалған.
