Қысқы Универсиада ойындарында қанжығаға алғашқы алтын түсті
Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымға жеке жүгіруден алтын медальді ұтып алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Қоржынымызға алғашқы алтынды әкелген спортшы белгіленген арақашықтықты 59 минут 48,7 секундта бағындырды. Райкованың ізін ала бере жеткен тағы бір қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская елімізге спорттың осы түрінен күміс медаль әкелді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған қоса бүгін Павлодарлық Анна Шевченко екінші қоласын қо жеткізсе, 1500 метр қашықтықта бақ сынаған студент қыздар арасында қарағандылық Екатерина Айдова үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
