А.ж. 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры – Әдеп жөніндегі уәкіл Қ. А. Жапақовтың өңірге жұмыс сапары аясында Департамент пен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің арасындағы ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар жастар ортасында, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу, оқу орнының білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын тәрбиелеу, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлық мәдениетінің негіздері» модельдік пәнін оқыту, сонымен қатар, жастар арасында мемлекеттік қызмет институтының имиджін арттыру және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.
Өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін элективті пәндердің жинағына енгізу мәселесі шешіліп, білім беру ұйымдарының тәрбие жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар енгізілгенін, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптар жоғарғы оқу орындарының дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацияларының тақырыптарына сондай-ақ, облыстың орта арнайы және жалпы орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына қосылғанын атап өткен жөн.
2015-2016 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптарды 1362 студент таңдады.
Меморандумға қол қойғаннан кейін Қ. Жапақов өңірдегі жетекші жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамымен кездесті.
Іс-шараға 75 адам қатысты