Ұйқы сұрау
1999 жыл. Түн. Мен, ағам, әпкем "золотой граммофон" көріп жатырмыз. Інім мен әжем ұйықтап жытыр. Әжем қайта-қайта "әй, ананы өшіріңдер!" деп қояды. Өзі айналдырған екі бөлме, бірінде үлкен ағам ұйықтап жатыр, есігін жауып алып. Екіншісінде біз. Ұзыннан жерге төсек салып алып, барынша теледидардың дауысын басып қойдық. Бір кезде "Шешіңнің...." деп айқайлап інім орнынан атып тұрады. Бірнарселерді айтып, ашуланып бөлмеден шығып кетті. Менің зәрем қашып кеткен. Жата қалдым. Ағам мен әпкем күліп отыр. Әжем "Оятпаңдар, әкеліп жатқыз," деп жатыр. Әпкем жатқызды. Сонда да қоймайды, інім бірнәрселер айтып... Біраздан соң ағам: "Ана бөлмеге барып не істер екен, көру керек еді)))" дейді қалжыңдап...
Негізі сол інім жиі ұйқы сұрайтын. Бірақ екеуміз "страшно" дос едік. Қайда жүрсем де қасымнан тастамайтынмын. Бір күні басқа әпкемнің үйіне қонуға бардық. Үй дегенде жатақхана ғой. Бір бөлме. Ас үй де, зал да, жатын бөлме де сол. Тағы түн. Інім ұйықтап қалған. Екеуміз сыбырлап әңгіме айтып, сканворд шешіп, шекілдеуік (семечки) шағып отырмыз. Бір кезде))) інім ұрсып орнынан тұрды. Түсініксіз бірдеңелер айтып тұр. Біз "бісміллә-бісміллә" деп қарап отырмыз. Не болса біраз нәрсе айтып-айтып тастады да, дамбалын (трусы) шешіп тастап, жатып ұйықтап қалды. Үнсіздік. Әпкем маған қарайды. Мен оған қараймын. Ал енді күлейік... Ішек-сілеміз қатқанша күлдік. "Бұл сонда не болды? Түсінде не көрді екен?" деп сұрап қоямыз. Қазір інім ер жетіп бұл әдетінен арылды. Бірақ кейде ұйқы сұрап, келіннің зәресін алмай ма екен деп ойлап қоямын.
Негізінде ұйқы сұрау қалыпты жағдай деп жатады. Ал осыған ұқсас "айкезбе" деген ауру бар екен. Өте қорқынышты. (Оны жазбай-ақ қояйын, ғаламтордан қарарсыз, қызық болса) Сол себепті жақындарыңыз ұйқы сұрағанда қарап қойыңыз.
