ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құқықтық білім беру мектебі

2019 жылы 12 желтоқсанда Департаменттің мемлекеттік қызметшілері үшін құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 28.11.2019 жылғы Заңын түсіндіру бойынша семинар-кеңесте «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысының бірінші орынбасары Д.Н. Смағұлов сөз сөйледі.

Д.Н. Смағұлов осы өзгерістердің қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Бұдан былай саяси мемлекеттік қызметшілері, атап айтқанда, министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері егер олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде отставкаға кетуге міндетті.
Тікелей қарамағындағы адамдар:
1) орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;
2) облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;
3) орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;
4) облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;
5) аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.
Басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң, күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.
Басшы өтінішті лауазымға тағайындаған лауазымды адамға береді.
Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.
----------------------------------------------------------------

12.12.2019 г. с целью повышения уровня правовых знаний для государственных служащих Департамента на семинар - совещание по разъяснению Закона Республики Казахстан от 28.11.2019 г. «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции» выступил Первый заместитель руководителя РГУ « «Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) по Костанайской области» Смагулов Д.Н.
Смагулов Д.Н. отметил, что с принятием этих изменений в Казахстане наступает новый этап противодействия коррупции. Отныне политические государственные служащие, а это министры и их заместители, акимы, заместители акимов (областей, городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент), акимы районов обязаны подавать в отставку в случае совершения их непосредственными подчиненными коррупционного преступления.
Непосредственными подчиненными являются:
1)Для руководителя центрального госоргана, то есть, министра – его заместители, ответственный секретарь и руководитель аппарата, руководители областных подразделений.
2)Для акима области, города республиканского значения, столицы — его заместители, руководители аппарата, аким района внутри города областного значения.
3)Заместитель руководителя центрального госоргана, то есть, вице-министр, подает в отставку в случае совершения коррупционного преступления руководителем курируемого им ведомства или самостоятельного структурного подразделения.
4)Заместитель акима области несет ответственность за руководителей курируемых им исполнительных органов, служб и финансируемых из местного бюджета.
5)Аким района ответственен за своих заместителей, руководителя аппарата, руководителей курируемых районных исполнительных органов, то есть, акимов сел, поселков и сельских округов.
Заявление об отставке руководитель должен будет подать в течение 10 календарных дней после вступления в силу обвинительного приговора либо прекращения уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в отношении его непосредственного подчиненного.
Заявление руководитель подает должностному лицу, назначившему его на должность.
Принять или не принять отставку становится прерогативой лица, назначившего политического служащего на должность.