Волейболдан жарыс ұйымдастырды
Спорт пен бизнес арасында көп ұқсастық бар. Екеуі де ерік, ақыл, көрегенділік және жағдайды түсінісушілік, жаттығу, тиянақтылық, қайраттылықты талап етеді.
13 ақпанда «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Павлодарлық бизнес қауымдастығы арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Кездесу жастар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтып, болашақта жұмыла жұмыс жасауға ниеттендірді. Жарыс нәтижесінде командалар келесі тәртіпте орналасты:
1-орын: Инновациялық Еуразия Университетінің Enactus ойыншыларына бұйырды.
2-орын: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің Enactus ойыншылары қанжығаларына байлады.
3-орынға Кәсіпкер палатасының командасы ие болды.
Жарыс жеңімпаздары «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ тарапынан марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, көңілді тарасты.

