Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

V-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

 

Жалпы адамзатың Нұқ пайғамбарымздан бері арманы болған қалайда жанды жетілідіріп мәңгілік өмірдің ағашына жалғануға себепші боатын өлімді меңгеру жеңумен қайта тулыу еді. Бұл сырды Тәуратта да белгілі болғанмен тек қана 70-адамның уақытша өліп тірілуімен және тек әулиелердің ғана арнаулы құлшылық амалдарымен ескі күнәлі рұқын өлтіріп, қайта жаңадан рухани азық алып, ет-малын тазартып, рұқын жетілдіріп аруағын қалыптастырумен жоғарғы дәрежелі саналыққа жетуді меңгеру үшінде иман қуатын жітілдірудің маңызы да зор болғаны сөзсіз. Діндердің сатылап  түсіріліп имандылықтың қуатын, дәржесін меңгеруді білімнің дамуына қарай пайғамбарлардың келуімен жетілдіріп отырғаны да сөзсіз. Және жаңадан аяттардың келуіне, құлшылық амалдарының өзгерістеріне  байланысты да, қарсылықтырдың да қуаты білімі де жетіліп, бұған қарсы сенімділікті меңгерудің де сан алуан тәсілдермен, адамзатты түрлі сынақтардан, апаттармен, аштықтармен  түрлі соғыстармен де сыналудан кейін мұндай жоғары дәрежелі иманды меңгерумен, даналыққа жету  де көбіне санаулы адамдарға ғана мүмкін болатын еді. Ал жер бетіне Ғиса пайғамбарымызды таза  рұқтан, пайғамбарлар аруағынан, Алланың аманаты иман қуатынан  тікелей жаратуымен, Мариям анамыздың тақуалығы арқасында таза қанды жетелі ұрпақтың өмірге келуімен, жоғарғы дәрежелі даналықты меңгеріп және өліп тірілудің хикметін де әлемге әшкере жария қылғанан кейін, бұндай нығметке жетуге, жер бетінің қандай да бір адамзатының ұстанған дініне қарамай өтуге тиісті хикеметті жағдайы болып, қайта тулудың мәңгілік жанның сәждесі бекіген еді.

Сонымен иманың рұққа және жынды меңгеруге байланысты өлімнің сатыларынан өтіп,рухани ақталуы болып, бұл қандай дінде болсын міндетті жағдай болып бекіген еді. Жалпы мұндай мәңгілік жанды қалптастырыу үшін; ҰЯТ, ИМАН, ДАНАЛЫҚТЫ  меңгеру шартты болмақ. Ұят дегенміз төменгі ақыл болса, иман болса құдайдан аманат нұр таза ақыл болып жүрекке зейнетеліп жанға енетін болса, ал иман арылы даналықты меңгеру ойлау қабілетімен бастың тазарып, мидың 16-түрлі үндік қуатын қалыптастырумен нәтижесін бермек.  Сонымен Тәураттың ұстанымы бойынша жаратылыстық қозағалыспен тұтасқа, бірлікке келуге; судан, тау тастан өту, құрбандықтың қанымен тазарып, ақталу арқылы алғашқы жанның алғашқы кезекті ауысуы болса, екінші рұқтың өлімі арқылы атқарылатын жанның екінші кезеңі болған Ғиса пайғамбарымыздың креске таңылуы күнәдан ақталу мұғжизасымен байланысты болмақ. Бұл жағдайлар ақталу, тазару арқылы жаратылыстың барлық себептерімен байланыс белгі алумен, Зәбурмен көркем сөзді меңгерумен, өлілермен тікелей байланыс орнатумен бұрынғы замандарда «Назареттік ант» яғни пайғамбарымыздың; «Иман екі сипатты, бірі 60-бұтақты, екіншісі жетпіс бұтақты» деген өсиетіне сәйкес, 60-бұтақты иманың меңгеру құлшылғы інжілмен толық сипаталған және христян елдерінің меңгерген даналықтары бастың масихы болып бекігені де хақ. Ал енді 70-бұтақты имандылық дәрежесі болып саналатын мұғжизаның исламның келуімен пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп, 7-жолға жалғануымен және барлық діннің құлшылығын біріктретін үш түрлі намаздың сипатын Алла тағаладан парыз қылып алуымен, үш кезеңдік ақталудың құлшылығы міндетті парыз болып бекіген еді.

Пайғамбарымыздың бес уақыт намазбен бірге; Бақара сүресінің 285; 286; аятарын алып, бұл аяттардың ғылымдық сырын түсіну үшін де,  екілік жүйеде қарастырсақ; (15;15+2= 17; 16; 16+2=18) сандық тұрғыда сандық мәндегі сүрелермен аяттармен құранда ашық баяндалғаны да хақ. Бұл сандық мәндегі құлшылық амалдардың; намаз орындау, намаздарды толық орындау болып аталатынын, ал намаз оқуға байланысты пайғамбарымыздың сүнетері және қажылықтың да маңызы 60-бұтақты имандылықты қажырлықты, алты ақылмен байланысты даналықты меңгеруге тәуелді екені сөзсіз. Бірақ бұл исаламдық  қажылықтың да туған өлкесімен отанымен жалғанып, «Назаретік антты» орындау арқылы ғана пайғамбар жасымен үлкендікпен, ет-малды тазартып, дүние ісінен жалығып бастағы 16-үндік қуатты меңнерумен байланысты құлшылығын намаздарын орындауында мүлде теріске алумен исламда адасушылықтың жалған тажалдық білімнің қақпанына түскені де хақ.  Мұны құранда ашық аятпен; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емсіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (73)  Сандық тұрғыда қарстырсақ 68=60+8 болып, алпыс бұтақты рухани егінді өсіру мен 8-түрді, жынды малдық қуаттарды меңгерумен байланыстылығын әшкерлеп тұр. Және сырттан келетін нәсілдік, жандық бес қуатты меңгерумен (68+5) 73-ші топтық аталып, бұған енді исламның намаз оқуға байланысты тақуалық сәждесін қосумен тура жолға түсуді де ескертіп тұрғаны да хақ. Сонымен осы аяттың үкіміне байланысты;  ұят, иман, ақылды жетілдерудің намазының қалай орындауын меңгермей-ақ, бес уақыт намаз, ораза, зекет қажылықпен масһаб дінінің тура жол аталуының өзінде, осындай білімсіздіктің белгісі тұрғанымен, мұны енді ақыл тұрғысында дін ғалымдарының өзі мойындауға шарасыз. Себебі жындылық тұрғыда бір жүйеге негізделіп, ақылдары қапанға түсуден, сондықтан да бұрнынғы замандағы пайғамбарларға түсірілген және 3-кітап болып оқылған дін намаздарын, құлшылық істерін мүлде мойындаудан бас тартудан, енді исламдық намаздың құр сенімге ғана негізделіп, иманды жетілдіру мен ақылдың егінін өсіріп,жаның өнімі болған  аманатты қайтарудың маңызы мүлде назардын тыс қалып, ғаламдармыздың да ұжымдық ақылға надандыққа негізделіп алғанын аңғарудан да қалдық.

Негізінде сенім рұқпен байланысты болып; түрлі нәсілдермен жүктелу, жын қуатын меңгерумен, көркем мінезділікті, сүйіспеншілікті және бой қуатын жарығын денені қалыптастырумен иманың алғашқы ақылмен, даналықпен  байланысты дәржесі болса, сол дененің ішін жарық қылып, сананың өсіп жетілуіне жол ашатын, көктен нұрға, жұлдыздарға яғни жеті жолға жалғануға байланысты иманың жетпіс бұтақты ағашын құранның жеті үні мақамды меңгеру арқылы әулиелердің, Алланың даостарының бастарында өсірудің де маңызы зор болмақ.  Мұндай көкке жалғанатын көркем сөз ағаштың жемесінен алатын иманың дәрежесі данышпандықпен байланысты болмақ. Сондықтан да бұл бүгінгі таңда масһабтан биік, соплық істермен байланысты, құраның жеті үнін меңгерумен исламдық құлшылыққа тән болып, Алла тағалаға жеті жол ғылымға жалғанып, кітап алудың да сыры таза ақылдан құдайлық нұрдан несібе болып және онан рұқтың егінін өсіретін қуаттың, болашақ өмірге келетін ұрпақтық өнімдердің шығатын да білген жөн. Жалпы қозғалыс, уақыттан басталып, үш түрлі тербелістің, қозғалыстың, жылдамдықиың негізін құрайтыны да хақ. Және бұл қозғалыстар ерікті, еріксіз болып екі сипатқа бөлінеді. Сондықтан 6-түрлі (3х2)қозғалыстың барлық сипатында иманмен басқару арқылы ақылдың егінін, болашақтың ұрпақ дәнін өсіру адамзаттың негізгі құлшылығы махаббаты болып, біздердің қанымызда, тектік ағашымызда Адам атамыздан бері қалыптасқан аманат-иманымыз екені де хақ.  Сондықтан да адам баласы тағдарына берілген иманынан тікелей сұралып сыналмайды, бірақ ақиретте аманатының орындалуына байланысты сыйын немесе жазасын ғана алады. Ол үшінде де Құдайдың өзінен, құдіретті қолы аруақтар арқылы аянмен әр пендесіне иманының шамасына қарай жеке-жеке тағдырынан хабар беріліп отырады. Ал енді сенімділікті, діннің рәсімдік құлшылықтарын орындау арқылы иманын күзетіп, өз мақсатына пайдалуға және көбейтуге, өсіруге арналған жол-жобасын алып, бірақ оны орындауда   еріктілікпен байланысты болмақ. Сондықтан да сенімдік қуатты, бойды жетілдірудің, брй ұсынудың да Алланың міндетті парыздарын орындаудың маңызы да зор болып және намаздарының міндетті түрде ақиреттен  ұйқы кезінде жаныңнан сұралып, тіршіліктерде қиындықтармен  сыналып отыруы та хақ. Адам баласына барлық қайғы қасірет, ауруда сынақтарда сеніміне байланысты ауыр жеңіл болып түсіріліп отырады да. Мұндай жағдайда имандылық қуатты жетілдіру арқылы ғана жоғалған, адасқан сенімін белгілі бір бағытқа арнап түзеуге болатында білген жөн.

Мұндай қазақтың ата жолының дәстүрлі құлшылығының намаздық амалдарының білімі тек рәсімдік тұрғыда сенімге ғана негізделген масһабтық біліммен  исламда қаралмағанмен, негізінен пайғамбарымызға арнаулы үкім болғанын аятта; «Мұхаммед менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан емеспін» де» (12-108) (9;21) Бұл аятта «Мен» деген Алланың иман нұры, рахмет болып Ғиса пайғамбар түрінде бейнеленсе, Мұхаммед пайғамбарымызды «Маған» яғни екі «Менге» еріңдер яғни «Мен және маған құлшылық қылыңдар» деген сөздің ешқандай шерік қату яғни серік қосу болмайтынын себебі бұған ашық дәлдермен, аяндармен иманның көрсетумен ғана орындалатын жолды меңгеруге арналған Құдай ісімен байланысты намаздар екенін ескертеді. Сондықтан да Раббымыз аятта; «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмас еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21)  Қазірге таңда Алла тағаладан Құдай ісі болып,иман арқылы уахимен көрсетілмесе де, барлық үкімді шариғатқа байлап, пәтуа беруді ортақ қосу болып саналатын және мұндай жағдайда зұлымдыққа түсу болып азап берілетін арап елдерінде масһаптан тарап жатқан «экстремистик» бүлікті осы аятың хақиқаты растап тұрғаны да хақ.

Құдай ісін атқарушы болған, таза ақыл «Мен» негізі баспен бейнеленіп, Ғиса пайғамбарымыздың бастың «МАСИХЫ» және Ахмет болып; Мұхаммед пайғамбарымыз «Аяқ» барлық құлшылықтың аяғы жанмен байланысты «МАСИХ», Ахмет болып саналады. Мұның ғылымдық сыры Ғиса пайғамбар «СОЛ»-10 (он саулық иман) болса, Мұхаммед пайғамбар «ОҢ»-1 бастапқы нұр, шырақ болып, екеуі де «Единица», «БІР» аталып (10+1) 11 санды сопылық таспихпен байланысты құлшылықтың сыры да, жұлдыздармен байланысты болған  иман қуатына жалғануды, жоғарғыдағы  (12-108) аятты Жүсіп пайғамбарға түскен аятпен жалғасақ; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4) (16) Жалпы сәжде қылу ұғымы; «Тану» болып, барлық қозғалыстың Алласын құдіретін танып иліп, міндетті тағдырмен жазылған іс –әрекетерді орындаумен, жаратылыстың жанды егелеріне де қызмет қылумен байланысты болса, онда күн ай және 11-жұлдызға байланысты 3-түрлі уақыттың, үш өлшемімен жалғанып қуат алатындары да хақ.

Сонымен бірге адамзаттың құлшылығының сыйы; екі түрлі иманның қуатын, нығметін алуға байланысты болып, аятта; «Оларға: «Сендер, бізге екі игіліктің (ғазилік, шаһиттік) бірінен басқаның келуін күтесіңде ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан (аруағымыздан) бір азап жеткізуін күтеміз. Ал сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық» де» (9-52) Және «Сендерге 8-түр жараттым» деген аяттармен 8-түрлі қуаттарды меңгеруді де ескертіп өткен. Бұл қазақтың даналығында, «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деп осы жағдайдың адамзаттың несібе бағымен, іс әрекетімен, ішкі иманының бағыт бағдар беріп, жол көрсетуші болуымен, тіршілік амалдарын  берекетендіруші Қыдыры екенін ескерткен. Жалпы жан ғалымымен рухани қуаттардың иман болып, зейнетелуінің құпиялары Інжіл жазбаларында астарлы түрде баяндалған.  Ғиса пайғамбарымыз; «Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды. Сендерге қараңғыда айтақанымды (аянмен көргендеріңді) жарықта айтыңдар, құлақтарыңа сыбырлағанымды  (көкейге салу,бата берілу) жұртқа жариялаңдар! Тәнді өлтірсе де жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақтан құтқара алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! Екі торғайды сегіз-ақ тиынға сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Сондықтан адамдардан қорықпаңдар, сендер көптеген торғайлардан әлдеқайда қымбатсыңдар!» (Матайдан 10-тарау 26,..29) Адам баласының көкте көрінбейтін жағдайда, көместе екі түрлі жұлдызы (оң, сол) және жаны болып, «Көктегі ұшқан құсты сендер ұстап тұрасыңдар ма?» деп ескерткен құран аятында. Олай болса Адам баласының тәніндегі 8-жындық қуатын тазаруымен және өрістік бойына келетін 8-түрлі нығметің барын және оны 1. Амалмен, 2. Сауап жасау арқылы сыйға иман қуатымен, нұрымен, екі игілік болған, екі торғайды, бақыт құсына, екі үнге жалғанып, таза ақылдан иман қуатын жүрегімізге жүктеле аламыз.

Қандайда бір адам баласын егерде рухани тұрғыда ақталудан өткізбей, малын етін тазартып, ақылын өсіріп,жанына қосымша иман нұры алдырмайтын болса, онда белгілі діннен білімдерді үйрету арқылы жын қуатын сол ортаға қалыптастырып, сенімін байлап және енді оған мың кісі түрлі пәтуа берсе де, өз білгеніне қайтпайтын қияли,«фонат» қылуға түрлі «экстеремистік» пиғылға мәжбүрлеп қызметке тұрғызуға болады. Мұндай ақылы толмаған жастар түгіл, қандай білімді ғұлама, ғалым, ел билеуші болса да, бұндай аю қақпаннан шығуы мүмкін емес. Сенімнің шапанын кигізіп алып, жанатық боласың деп дәмелендіріп, ақылын бес сезімге байлап, тажалдық білімнің қызметіне қойуда немес Алла жолына өзін құрбан қылуға бағытай салу да оп оңай болмақ. Себебі тағдарлық иман қуатын иманына қарсылық қылдыру арқылы, яғни жер отанынан, ана тілінен, жер емшегінен, ұлтының дәстүрінен ажыраудан тез  таусып та алады да. Мұндай қараңғылық надандықтан, тек құдайдың ісі арқылы  ғана, аян болып көрінетін, уахи болып оқылатын иманның қуатының ақ бұлағына ашып жер ана ойпатты орындарға, жаннат есіктеріне жалғау арқылы ғана өз пиғылының, дін ниетінің жағдайын анықтап, бағытын түзеуге болады.  Және адам баласы қанша иманды, ізгілікті, сабырлы болғанымен, тек қана масһабтық білім тұрғысында шариғаттың ісін жетік меңгергенмен, шексіздікке жалғанатын тура жолын Құдайдың тікелей әрекетінсіз, көрсетуінсізде тауып алуы мүмкін емес. Бұл жағдайды құранда әрбір үмметке жол-жоба алу деп және әрбіп  пендесіне; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін?(9)          Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) деген аятпен тағдырлық сынақтардың барын мұндай кедергіні иманының көрсетумен ғана өтуге болатынын ескерткен.

Абай атамыз да 45-қара сөзімен сан ғылымы арқылы өлеңдер жинағымен осындай ұлттық дәстүрміздің ерекешелігін имандылықты меңгеру арқылы қалай даналыққа жетуге болатын жолын баяндап, насихаттап көрсете білген. Мысалы; «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен, Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен. Жазғытұрым жасырып жердің бетін, Жасыл шөпен, бой жеткен егінменен тең. Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Жылы мен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. Ауыр ойды көтеріп ауырған жан Қайғы-қасірет жүзіңе белгі салған. Дәні толық, басы үлкен егіндей ақ Сенің де басың  имек жерге таман. Өлейін деп өлмейді өлерлік жан, Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Адамзат бүгін адам, ертең топырақ, Өлмек үшін туғанысың, ойла шырақ.» (198-ші өлең) (18;9) Абай атамыз ақылдан рухани егін егуді иманың жемісін аманатты өткізуді інжілдік аяттарды осылай құранның аяттармен қоса білгенін біз аңғара алмаймыз да. Ол үшін Бақара сүресі 286 аяттың екілік, бірлік жүйеге келтірсек; (286=16+2=18=9) болып 9-шы, 18-ші қара сөздерінің насихатынан да құлшылық әрекетін түсінуге болады. Және жоғарыдағы өлеңдегі баяндалған рұқтың егінін, иманың жемісі ұрықтарды өсіруді құран аятында; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе артыра береді.. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) (9;11) Алла жолында құрбан шалып жеті ата аруғын көтеру арқылы осындай рухани егінімізді өсіретін болсақ, бұл егінің адамзатың неке арқылы пайда болатын жандық өнім болатынын; «Өйткені әйелдірің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындарыңды біліңдер. Алла деген антарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла тағала әр нәрсені білуші.»(2-223) (7;9) Бұл аяттағы антымыз, құдайдан алған аманатымыз, иманымыз болып, оны неке арқылы, екі жарты бір бүтіндікте әйелдің тәніне өсірумен және жақсылық істеп, адамдардың арасындағы татулықты, махаббатпен құлшылық амалдарын қалыптастыруға да иманымыздың көрсеткен белгісімен, ескерту аяндарында жорып намаз қылып орындаумен нәтижеленеді екен. Сонымен иман деген жартылыстан Алла деген сөзбен жүрекке жазылған антымыз яғни   Меніміздің негізі және махаббат, сүйіспеншілік үлгісі болған «Мұхаммед» деп те  аталмақ. Иманы толық адам балсында бұл жазудың жүректен ренген арқылы да көрінетіні ғылымда мысалдар да бары сөзсіз. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп астарлы ескерткен екен. Бұл жерлерді егіндік жері деп атап; 1.Маңдаймен қос шеке.2.Желке қара құста. 3. Иықта. 4.Шынтақта. 5.Қос алақанда. 6. Қос тізеде. 7. Табанда иманың әркетімен жетілетін ақыл қуаттының ұрықтық ошақ үйлері болатын жадыңызға тоқып алаңыз. Және бұл орындар жұлдыздармен  байланысты болып; 1. Жеті қарақшы. 2.Шолпан жұлдызы. 3. Құйрықты жұлдыз. Сәре жұлдызы. 5. шам жұлдызы болып, барлығы негізінен 11-жұлдызды құрайды.

Қандай да бір құлышылыққа байланысты құран аяттарында әуелі иман келтіріп барып орындауды үнемі ескертіп отырады. Ал иман келтірудің маңызын, қазақта ақылмен байланыстырып; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп ескерткен. Бұндай даналықтың қазақтың тегінде екі мың жыл бұрында болғанына нақты дәлел болып, Қажы бабаның қабірінен табылған шырағданың бейнесі нақты дәлел бола алады да. Шырағданың ішінде екі құс пен екі аңның бейнесі болып, оның біздің екі көзіміз құс болса, ал екі аң есту қабілетіміз болмақ. Шырағданның шетіндегі 16-барыстың бейнесі біздің миымызға келетін ойлау қуатымыздың 16-үні болып саналады. Олай болса есту, көру қабілетімізді ақылмен меңгеріп және бұл төрт ақылды бірдей аспен азықтандырып барып, біз 16 үнді яғни 11-үн жұлдызбен, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен байланысты болса, 5-түрлі қуатты меңгеру Ғиса пайғамбарымызбен және көктен ортақ  несібе иманның нұрымен байланысты екені інжілде астарлы әңгімемен баяндалғанынан алда мысалдармен дәлелдер береміз. Бұл шырағдан біздің тегіміздің яғни бастың масихын, қадірін сонау заманнан, екі мың жылдан астам уақыттан бері меңгергенімізді де және  иманның 60-бұтағын даналығында жетік меңгергенімізге дәлел белгі болмақ. Ал енді қажылық деген «Назареттік ант-Иман» болып өлілермен зияраттау арқылы байланыс орнатып, шашты алып, бас киммен қорғау деген ғұрпымызда қалыптасқанын  білдіреді де. Қазақтың үлкен кісілері шашын тықырлап алдырып жүруді және бас киммен қорғауды «Назареттік ант» орындалуы дәстүр қылып бекіткен. Жалаңбас жүруді ақымақтық, арсыздық деп санаған. Бірақ қазіргі таңдағы ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің өзі бастың қадірі түгіл, діліне ана тілне сүтіне, ақ жаулыққа қуатқа, төменгі сана етекке байланысты жетенің қадірін де жоғалтып, мұндай басында шырағы жанып, жоғарғы санасын қалыптастыратын ғұламалық, даналықты мүлде жоғалтып алып, елдің руханиятын ақпаратық жүйесін басқаруды ақылсыз жастармен, жетесіз ақымақ  інжілдік намаз көрегенділікті мазақ қылған көргенсіз діншілерге беріп қойғасын кім ашық дәлдерге иманын келтірмек? Ал енді жоғалтып алған иманымызды қалай іздейміз? -деген сауалға жауапты беріп көрсек. Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мыны сайтқа кіріп көріңіздер; http://tokbergenbaitassov.com/

 
0
0
902

Осы тақырып бойынша