Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ульянов облысының бас кеңесшісі П.Антонов құқық қолдану тәжірибесімен бөлісті

А.ж. 24 тамызда  РФ Ульянов облысы делегатының сапары аясында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Қызметтік  этика – құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.

Сұхбат алаңының мақсаты –  азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметкшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру,  имиджін арттыру және оларға азаматтардың сенімін нығайту.

Ульяновск облысының Губернаторы әкімшілігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу  және мемлекеттік қызмет пен кадр мәселелері  жөніндегі заңнаманы сақтау департаментінің бас кеңесшісі, Ульяновск облысының 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі – Павел Антонов  Ульяновск облысының құқық қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында тратымды әңгіме өрбіді.

Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп,  2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

Іс-шараға 13 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
334

Осы тақырып бойынша

Ульянов облысының бас кеңесшісі П.Антонов құқық қолдану тәжірибесімен бөлісті - Yvision.kz