Тыл қызметкерлерінің командирлік дайындығы
Жиынның мақсаты командирлік дайындықты оқытудың негізгі пәндері бойынша білім жетілдіру, офицерлердің кәсіби дайындық деңгейін тексеру және командирлік дайындықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылды.
Жиын барысында жедел-тактикалық дайындық, тактика-тылдық дайындық, жауынгерлік қамтамасыз ету түрлері бойынша және әскерлердің күнделікті қызметін басқару жөнінде сабақтар өткізілді.
Тылдық қамтамасыз етудің даму перспекивасы мен Қазақстан Қарулы Күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірегей жүйесін жасау туралы сабақты ҚР ҚК Тыл бастығының орынбасары полковник Алмаз Ахмадиев өткізді. Сондай-ақ, Ұлттық әскери университетінің мұғалімдері де дәріс оқыды.
Жиынға қатысушылар ұрыстағы әскерлерді тылдық қамтамасыз ету негіздерін зерттеп, жауынгерлік іс-қимылдарды жан-жақты қамтамсыз ету мәселелеріне, әсіресе арнайы операциялар мен елді мекендердегі ұрыс қимылдары кезінде әскерлерді тылдық қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Лекция кезінде алынған білімдер семинарлар, топтық жаттығулар мен пракикалық сабақтар кезінде нақты пысықталды.
Ұлттық әскери университетінің спорт кешенінде офицерлер дене дайындығы бойынша сынақтар тапсырды.
Жиынға қатысушылардың пікірінше аталған шара жоғары ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде өткен және кәсіби біліктілікті арттыру жолында кезекті қадам болып табылады, мұның өзі осы тектес жиындарды жиі өткізіп тұрудың тиімділігін көрсетеді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
