Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Туу туралы акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Порталда – өтінішті алғандығын растау және тууды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алуға болады. Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сауал салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат ; 2) белгіленген нысандағы өтініш; 3) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі; 4) туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі ; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады: 1) ата-анасының түсініктеме жазбалары; 2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы; 3) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтама (жүгінген кезден бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген); 4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) жеке басын куәландыратын құжат ; 2) белгіленген нысандағы өтініш; 3)көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама; 4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар; 5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат; 6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.
