Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ту, Елтаңба, Гимн – мемлекетіміздің мызғымас берік негіздері

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді», – деп, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын  атап өткен болатын.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы (Ақмола облысы әкімінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасын  жүзеге асыру аясында ұйымдастырған семинарға қатысты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңы талаптарының соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып сақталуы семинар жұмысында талқыланған басты тақырыптардың бірі болып табылды.

Іс-шараға прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша

департаментінің, құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты.

     
0
0
1050

Осы тақырып бойынша