Туған тілдің тұғыры биік
Бір кездері ресми мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде сөйлемек тұрмақ ол туралы айтудың өзі мұң болатын. Қазір Ел басының мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы мен қадағалауының арқасында мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер қазақ тілінде сөйлесуге ниет таныта бастады. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып өмір сүреді. Демек қоғамнан тыс бөлек тіл жоқ. Тіл қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әр бір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – әр бір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалыптасып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезінен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу туған тіліңді білуден басталады. Тілді үйрену – өз ұлтыңды тану . Ұлттық тілді білу ұлт дінін, қасиетін, мінезін, ой, жан дүниесін, сырын білу екенін халықтық мәдинетпен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдибеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орында- лады. Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін. Тіл – адамдар арасындағы қарым – қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүние танымның, рухани мәдинетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Бүгінде «Тіл туралы» заңның жузеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық.Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдинеттің бөлінбес бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
ХҚҚО №1 бөлімінің дайын құжат беру секторының қызметкерлері
