ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тоғызқұмалаққа жанашырлық қажет-ақ

 

Тәуелсіздік алғалы елімізде бірде-бір то­ғыз­құмалақ клубының ашыл­мағанын айтпағанның өзін­де, ендігі кезекте шахмат клубтарының жанынан ашылған тоғызқұмалақ үйірмелерінен айрылып қалуымыз мүмкін

Астана қаласында 2010 жылы тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатыөтті. Бірінші рет өтсе де бұл бәсекеге 16 елдің  спортшылары қатысып еді. Сол кезде ұлттық спорттың жанашырлары мен мамандары арқа-жарқа болып, көкейімізде енді зияткерлік өнеріміздің болашағына алаңдамаса болады деген жақсы үміттің ұялағаны анық. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы тарапынан жасалып жатқан оңды істер де бұл ойымызға қанат бітіріп, елөңірлерінде жақсы бетбұрыстар басталған…

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының құрылуы арқылы тоғызқұмалақтың бұқаралық сипаты шетелдерде де артып, халықаралық сайыс­тардың саны көбейді. 2011 жылы мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық турнирлер ұйымдастырылып, тоғызқұмалақтың көкжиегі кеңейе түскен болатын.

2012 жылы Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесе отырып, тұңғыш рет тоғызқұмалақжаттықтырушыларының білік­тілі­гін арттыруға арналған те­гін курс өткізді. Оған9 облыстан 40-қа жуық жаттықтырушы қатысты. Оларға агенттік тарапынан куәлік беріліп,  кәсіби деңгейінің артуына мүмкіндік жасалды. Аталған іс-шаралар БАҚ беттерінде басылып, ойынның жарнамалық сипаты да арта түсті.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 1қыркүйекте Астана қаласындағы жаңа №70 мектеп-лицейін ашарда жасұрпақтың логикалық дамуына бағытталған шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынүйрету жөніндегі қосымша топтарды ұйымдастыру жоспарланып жатқандығын айтумен бірге бұл істі кеңінен қолға алуды айтқан еді. Осындай жақсы істер мен ізгі бастамалардың арқасында жасөспірімнің ақыл-ойын дамытып, ми қызметін жетілдіруге таптырмас құрал болатын тоғызқұмалақ баянды дамудың жолына түсудің орнына, өкінішке қарай, оның болашағына соңғы кездері қауіп төне бастады.

Ең алдымен, қазіргі кез­­дегі облыстық жат­­тық­тырушылардың салғырт­ты­ғыныңкесірі­нен өңірде облыстық  қауымдастықтар ашылмаса, тоғызқұмалақ спорт түрі ретінде республикалық реестрден алынып тасталуы мүмкін.

Мәселен, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қауымдастықтар өз жұмыстарын бастады. Қазіргі кезде Қостанай, Жамбыл облыс­тарында және Астана қаласында қауымдастықтар жұмыс жасаса, Алматы қаласы және Ақтөбе, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында облыстық қауымдастықтар қайта тіркеуден өтуі керек.

Ал Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, СолтүстікҚазақстан облыстарында қауымдастық тәуелсіздік алғалы бері мүлде ашылмаған. Яғни республикалық реестрге өтуі үшін ТоғызқұмалақҚауымдастығының кем дегенде 8 облыста филиалы болуы керек. Ал бізде тек 3 облыстың ғана құжаттары дұрыс. Кей об­лыстарда құжаттармен заң­ды жұмыс істей алмаса, кей облыстарда қоғамдық ұйым құ­рудың тәжірибесі қа­лып­таспаған. Бұл жерде не кедергі дегенде, облыстың аға жаттықтырушыларыныңжауапкершілігінің  жетіспеуші­лігі мен жергілікті облыстық спорт басшылары тарапынан тоғызқұмалаққа деген немқұрайлылықты айтуға болады. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық мұра тастанды баланың күйін кешіп отыр.

Екіншіден, Елбасымыздың зияткерлік ойындар туралы айтқан тұжырымды ойлары шахматтың мектеп бағдарламасына енуіне себепкер болса, тоғызқұмалақтың ауқымын керісінше тарылта түскендей. Мәселен, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Еркетай Иманбаевтыбұл мәселе қатты алаңдатып отыр. Тәуелсіздік алғалы елімізде бірде-бір то­ғыз­құмалақ клубының ашыл­мағанын айтпағанның өзін­де, ендігі кезекте шахмат клубтарының жанынан ашылған тоғызқұмалақ үйірмелерінен айрылып қалуымыз мүмкін. Өйткені, Е.Иманбаевтың айтуынша, қаймағы бұзылмаған Қызылорданың өзінде тоғыз­құ­ма­лақтан гөрі шахматқа басымдық беріліп, ұлттық мұра үшін дайын­далған орындарға шахматшылар жайғасып жатқан секілді.

Тоғызқұмалақты халықара­лық деңгейде дамыту ісінде де соңғы кездері немқұрайлылық орын алуда. Мәселен, 2010 жылы Астанада өткен І әлем чемпионатында 16 елден спортшылар қатысса, ІІ әлем чемпионатына 9 мемлекеттің өкілдері қатысты. Айырмашылық көзге көрініп тұр. Ал бұл көрсеткіштерді саралаған, талдау жасаған ешкім жоқ. Тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде дамытуға жауапты тұлғалардың бірі, бас жаттықтырушы А.Жақапбаева Еуропа елдерінде өткізген семинарлары арқылы әлем чемпионатына көп елдерден спортшылар келеді дегенімен, ол уәде сөз күйіндеғана қалды.

2013 жылға арналған республикалық күнтізбелік жоспарда 20-дан астам елдерде халықаралық семинарлар мен сайыстар өткізіледі деп жазылғанымен,Өзбекстан мен Қырғызстанда ғана жарыстар ұйымдастырылып, қалғандары «қағаздағы жоспар» ретінде қалып отыр. Жалпы алғанда

Еуропа елдерінде семинарлар өткізуге жауапкершілікпен қарау керек. Жарнамаға қатты мән беретін зиялы елдің ұрпақтары Қазақстаннан барған жаттықтырушылардың семинар өткізу әдістеріне көңілдері толмайтыны шындық. Өзге елдің тілін білмеуден бөлек, бізде шет тіліндегі кітаптар,әдістемелік материалдар, жарнамалық құралдар жоқтың қасы. Ал оны жазуға, аударуға қаржы мүлде қарастырылмаған. Яғни, соңғы кездері халықаралықдеңгейде тоғызқұмалаққа деген шетелдіктердің ықыласының төмендеуіне осы факторлармен қатар ағылшын тіліндегі сайттың болмауы да қатты әсер етіп отыр. Басқа халықаралық қауымдастықтардың барлы­ғын­да бірнеше тілдерде сайттары болса, Дүниежүздік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының жеке сайты да жоқ. Егер тоғыз­құмалақты үйренуге, оны тану­ға деген құлшынысыңдықанағаттандыра алмасаң, онда оған бөлген уақыттың зая кететін еуропалықтар түсінген секілді.

Қорыта айтқанда, тоғыз­құ­малақты республика өңірлерінде және халықаралықдеңгейде дамыту үшін тек құзырлы мекемелер емес, осы ойынға жаны ашитын, оның баянды болуын қалайтын әрбір жанның қайраткерлігі мен шығармашылықкөзқарасы қажет.