Тіл - ұлттың айнасы
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атаумен «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатын оқып, ойларымен бөлісіп, қолдау білдірді.
Президент өз сөзін әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясынан бастап, ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырды. Азаматтардың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани маңызы бар мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар осы сұхбатында Президент еңбек адамы мен қазақ тілінің мәртебесін көтеруге басымдық беру керектігін, сондай-ақ, қазақ тілінде сөйлеуді әр азамат мақтаныш етуі керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, Президент Абайдың өшпес туындысы – «Қара сөздерінің» өміршеңдігіне мән беріп, Мұрат Әуезовтің «Қара сөздерге» «Ғақлият» деген екінші атау берейік деген ұсынысына қолдау білдірді.
Еңбек адамдарына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажеттігі баса айтылды.
Біз Мемлекет басшысының қарқынды дамыған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақтауымыз керек, - деген ойына толықтай қосыла отырып, еліміздің өркендеуі жолында еңбек етеміз.
Ақпараттық- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі
Маханбетова Мейрамгүл Оралбаевна
