Тиіннің Қоянға қонаққа баруы туралы
Добрый день! Если вы заботливый и горячо интересующийся жизнью и будущим своего ребенка, то вы поступили правильно, посетив этот блог. Сегодня я расскажу сказку о том, как белка пошла в гости к зайцу, и надеюсь вы в свою очередь расскажете ее своим детям.
Бірде Тиін Қояндікіне қонаққа келді. Қоян ас бөлмеде бәліш дайындап жатыр екен, ал кішкентай Бала-қоян «не пісіріп жатырсың, мама?, иісі неткен дәмді еді!» деп тамсанып, анасының аяғына орала берді. Үйге мейман келген соң, Бала-қоянды анасы қарындасымен ойнай тұруға жіберді.
Кішкентай қояндар жарысып жүгіріп жүрді. Ал ас бөлмеде, біраздан соң бәліш те дайын болды. Қоян піскен бәлішті табаққа салып, суытуға қойды да, өзі дастархан жасауға кетіп қалды. Ас бөлмеде қалған Тиін абайсызда бәліш салынған табақты қағып кетті. Табақ бәлішпен бірге еденге құлап түсті де, күлпаршасы шығып сынды. Тиін өзінің қылығынан қатты қысылды. Ол табақты құлатып алғаны туралы ешкімге айтпауға бел буды. Осы кезде індегілердің бәрі сынған ыдыстың дыбысына жүгіріп келді. Тиін де ештеңе білмегенсіп, жаңа ғана жүгіріп келгендей сыңай танытты.
– Бұны істеген кім? – деп ренжіді Қоян. Өйткені азаннан бері осы бәлішті пісіремін деп Қоян жарты күнді ас бөлмеде өткізген еді. Енді сол еңбегі еш болып, бәліш жеуге жарамай, еденде шашылып жатты.
– Ештеңе етпейді, Қоян! Сен бұған ренжімей-ақ қойшы. Мен саған бұдан да дәмді тоқаш пісіріп беруге көмектесейін, – деді Тиін.
– Жоқ, мен бұл жағдайды бұлай қалдыра алмаймын,-деді әбден ашуланған Қоян. Қане, балалар, шындықты айтындар, кім сындырды?
– Біз емес, біз емес – деді абыржыған кішкентай көжектер.
– Шындықты айтпайын дедіңдер ме? Солай ғой? Ендеше сендерді жазалауға тура келеді, – деді ашулы Қоян.
Мына сөздерді естігенде, Тиін бұдан әрі шыдап тұра алмады. Ешбір кінәсі жоқ көжектерге кесірім тиеді ғой деп, ол Қоянға болған оқиғаны бастан аяқ айтып берді. Шындықты айтуға батылының жеткеніне ол өте риза болды. Тиін үшін ең маңыздысы - кінәсіз көжектерді жазалауға жол бермеу еді. Көңілі жай тауып, үйіне көңілді оралды. Ертеңіне Тиін Қоянның үйіне тағы келді. Бұл жолы құр келген жоқ, ол көжектер мен Қоянға өзі пісірген бәлішті ала келді. Бәрі дәмді бәлішпен шәй ішіп, мәре-сәре болды. Шыншыл, кешірімді, қайырымды болған қандай жақсы!
