Теннис: Я.Шведова Хертогенбос турнирiнiң екiншi айналымына өттi
Қазақстандық теннисшi Ярослава Шведова Нидерландыдағы Хертогенбос қаласында өтiп жатқан әйелдер арасындағы Topshelf Open турнирiнiң бiрiншi айналымында словакиялық Доминика Цибулкованы жеңiп, келесi кезеңге өттi.
Үш сетке жалғасқан матчта Шведова өзiнiң қарсыласынан 6:2, 3:6, 6:3 есебiмен басым түстi.
Айта кетейік, Topshelf Open турнирiнiң жалпы қоры 250 мың АҚШ долларын құрап отыр.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

