Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз".

"Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз". Бұл "Nur Otan" партиясының "Дамудың жеті басымдығы" атты Панфилов ауданына қарасты айқындалған бағдарламасының ішінде көтерілген ең негізгі мәселелердің бірі.

Бағдарламадағы "қолайлы өңір" тарауында: "Nur Otan" партиясы 2025 жылға қарай облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр. Ауданда ауыз сумен 97,6 қамтылған. Алдағы уақытта 100% қамту жоспарланған"-,делінген. Осы орайда бүгін Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Нұркешұлы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тулақбаев Руслан мен Исабекова Райгул аудандағы "Жаркент су құбыры" мекемесінің қызметкерлерімен бірге Алмалы ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне орай ауыл тұрғындарымен жүздесіп қайтты.

Тұрғындарға жоғарыда айтылған бағдарламадағы нақты жұмыс жоспарын таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері партия назарынан тыс қалмайтындығын жеткізді.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

"Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз". - Yvision.kz