Тараздың болашақ мемлекеттік қызметкерлеріне әрдайым есік ашық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «ашық есік» күнін ұйымдастырды.
Аталған шараның басты мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастар арасында құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметке орналасуға қызығушылық танытқан азаматтарға қолдау көрсету болып табылады.
Іс – шара барысында студенттерге Департамент ішінде кішігірім «саяхат» ұйымдастырылды.
Ал Департамент басшысының кабинетінде жастармен өте маңызды, қызықты, ал ең бастысы ашық кездесу болып өтті.
