Тараз қаласы № 2 сотының судьясы Р.М. Маделиеваның ұсталу фактісі бойынша Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің комментарийі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі мен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2015 жылғы 9 сәуірде бірлесіп жүргізген іс-шараларының нәтижесінде сот ісін шешуге заңсыз ықпал ету үшін 200 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты алу барысында Тараз қаласы № 2 сотының судьясы Р.М. Маделиева ұсталды.

