Тағы бір түсім.
Кейде кеш морфей патшалығына кеш барамын, кейде ерте, білмедім бірақ кеше бір көркем фильмінен кейін, кеш бардым.
Таңға жуық түсімді де көрдім, бірақ білмедім, таң еді ме, әлде, бүткіл түн еді ме, түс деген бір мезетте өтетін нәрсе екен өзі.
Ұйықтап жатсам, түсімде, дымқыл тұманда жүрмін, ара арасында үлкен өсімдіктер де бар, жап жасыл еді өзі, сөйтіп бір қарасам, қасыма біреу дереу жөнелді де хәх деген дауыс шығарды.
- О әміршім, сен неге бұл өмірде жүрсін, сенің орның арғы жақта ғой,- мен біраз, қарап тұрып, оның жүзің де қарап жаттап та үлгіргенім жоқ, ол жалт етіп кетіп қалды
- Бұл не қылған сиқыр?, - дедім өз өзіме.
Айналаны қарап жүрмін, тұмандығы өсімдіктер өздерімен өздері сыбыр сыбыр етіп сөйлесіп жатыр екен. Жалт қарадым, өсімдіктер орнында екен. Ары қарай жөнелдім, қайтадан өсімдіктер сөйлескен сияқты көрінді маған. Әлге біреу, арқамның артында тұрып құлағыма Әл Фатиха суресін айтып жатыр екен, қайтадан жалт еттім. Айналада ешкім де жоқ, тұман да сейіліп кетті, сөйтсем көшенің ортасында тұр екенмін. Көшемен жаяу келе жатыр едім. Ояндым.
