Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі  бұйрығымен Райхан Ғазизқызы Братаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Р. Братаева 1967 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келді. «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» және «Құқық бакалавры» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Р. Братаева мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы лауазымынан бастап, соңғы 10 жыл ішінде Ақмола облысының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының жүйесінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің кеңесшісі лауазымынан бастап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

   
0
0
520

Осы тақырып бойынша

Тағайындау - Yvision.kz