Тәуелсіздіктің басты нышандары
Департаментте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне салтанатты жиналыс өтті.
Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тарихы, мәні мен құндылығы туралы әңгімеледі және бұл рәміздер тарихи құндылық болып табылатынын және еліміздің негізгі нышандары екенін, сондықтан Қазақстанның әр азаматы Мемлекеттік рәміздерді қолдану және орналастыру туралы заңнаманы сақтап қана қоймай, оларға құрметпен қарауға міндетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиналыс барысында ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы баяндама оқылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы Заңның негізгі бағыттарын түсіндірді.
