Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "Nur Otan" партиясы қазақ спортына еңбегі сіңген даңқты спортшылар мен жаттықтырушыларды насихаттау, олардың жеңісті жолдарын үлгі ету бағытында ақпараттық жұмысты қолға алды.Осыған байланысты жерлестеріміздің спорттық жетістіктері туралы айтып береміз.Чемпионатта республикамыздың Астана, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған т.б. қалаларынан құралған 15 велотрекші бақ сынады. Оның ішінде 8 спортшы Алматы облысынан қатысып, тек қана біздің облыс бойынша 4 алтын медаль, 1 күміс медаль, 3 қола медаль иеленіп, жанкүйерлердің мерейін үстем етті. Атап айтсақ, спортшыларымыз Ақпейіл Өсім – Панфилов ауданынан, Кристина Стужук – Сарқан ауданынан, Даниил Пехотин – Балпық би кентінен, Кристина Титовская, Сергей Пономарев пен Александр Сафаров – Талғар ауданынан.
Ақпейіл Өсім, Кристина Титовская, Кристина Стужук командалық жарыста; Сергей Пономарев гит жарысында; Кристина Титовская жекелей жарыста; Даниил Пехотин омниум жарысында топжарды. Командалық жарыс-та Даниил Пехотин күмістен алқа тақты. Ал Ақпейіл Өсім екі рет қола жүлдені скретч әрі омниум жарысында иеленсе, Александр Сафаров командалық спринтта қоржынға күміс салды.
Еліміздің көк байрағын желбіретіп, бәсекеде оза шапқан спортшылар мен жаттықтырушыларды аудан әкімдігі, денешынықтыру және спорт бөлімі жетістігімен құттықтап, сый-сияпат тарту етті.
Соның бірі, осы додада үш бірдей медальді қанжығалаған облысымыздың Панфилов ауданының тумасы Ақпейіл Өсім мен жаттықтырушысы Андреев Николай Карповичті аудан әкімі Темірлан Бектасов қабылдады. Топтық бәсекеде алтын медальді олжаласа, жекелей сында екі бірдей қола медальды иеленген Ақпейілге, сондай-ақ, жаттықтырушысына және қолдау көрсеткен жерлестеріне алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді.
Спортшылар осы жетістікке жету үшін талай рет велосипедтен құлап жарақаттанса да, спортқа деген құлшынысы одан сайын артып, жеңіс тұғырынан көрінуге барынша талпынғандарын тілге тиек етті.
2010 жылы ашылған «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ – үздік мектептердің қатарында. Талай Азия чемпиондары осы мектептен түлеген. Одан басқа да спортшылары жеткен ірі жетістіктер көп. Мектептің соңғы екі жылда спортшылар құрамы өзгеріп, жас-тар қосылған.
