Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "Nur Otan" партиясы қазақ спортына еңбегі сіңген даңқты спортшылар мен жаттықтырушыларды насихаттау, олардың жеңісті жолдарын үлгі ету бағытында ақпараттық жұмысты қолға алды.Осыған байланысты жерлестеріміздің спорттық жетістіктері туралы айтып береміз. Рамазанов Ернар Батырғалиұлы
1983 жылы 18 наурызда Панфилов ауданы,
Жаркент қаласында дүниеге келді.
Білімі: жоғары. 2000-2004 жылдар аралығында Астана қаласындағы Гумилев атындағы Евразиялық Университеттің «Денешынықтыру және спорт» бөлімін тамамдады.
1995 жылы Грек-Рим күресі бөліміне спортшы болып қабылданды Жаттықтырушы-бапкері: Агимов Қудайберген Қурманғалиұлы
Жаттықтырушының алған атақтары:
2005 жылы 18 қарашадан грек-рим күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру ісінің үздігі.
1999 жылдан бастап жоғары дәрежелі жаттықтырушы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жылдық медалімен марапатталды
2008 ж. Ерен еңбегі үшін медалинің иегері.
2003ж. 2005-2010 жылдары аралығында грек-рим күресінен Алматы облысының үздік жаттықтырушысы.
Спортшының атағы: Грек – рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
1998 жылы дүниежүзінің жасөспірімдер ойындарының күміс жүлдегері. (Мәскеу қаласы).
1999 жылы Әлем біріншілігінде IV- орын ( Дания мемлекеті)
2000 жылы дүниежүзінің жастар арасындағы біріншілігі 5 орын
( Франция).
Қазақстан Республикасының жасөспірімдер және жастар арасында бірнеше дүркін жеңімпазы. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
2007 жылы Қазақстан Республикасының кубогының күміс жүлдегері.
2007 жылы Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері ( Иран)
2007 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының біріншілігінде ересектер арасындағы күміс жүлдегері.
2008 жылы Халықаралық жарыстың жүлдегері (АҚШ Колорадо – Спринт штаты).
2008 жылы Студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Грекия мемлекеті)
2008 жылы Қызылорда қаласында ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің күміс жүлдегері.
1998-2008 жылдар аралығында ҚР-ның құрама командасының мүшесі.
Көптеген аудандық, облыстық құрмет грамоталармен алғыс хаттармен марапатталды.
