Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы
А.ж. 26 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов Өңірлік палатаның Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы В. Федоренконың төрағалығымен өткізілген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Күн тәртібінде Ерейментау ауданы кәсіпкерлерінің жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды союға (қайта өңдеуге) тапсырғаны үшін төленетін өтемақыға қатысты проблемалық мәселе, сондай-ақ, жер учаскесін беру мәселесі талқыланды.
Кеңестің жұмысына Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктері, қалалық әкімдіктің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс соңында аталған проблемалардың шешімін табу бойынша ұсыныстар берілді.

