Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алды. Ал, сіз бұл қызметті білесіз бе?

Мемлекетік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға немесе Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет құжаттар топтамасы ХҚКО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ұсынылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

белгіленген нысан бойынша өтініш;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;

салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі ұсынылады.

Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсырыс берген жағдайда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;

техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;

коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;

энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде кеңес қажет болса бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін (1414).

 
0
0
432

Осы тақырып бойынша