Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Түрмеде отырған Мұрат Әбділданың жаңа әндері жазылған дәптер жария етілді

Әлеуметтік желіде ән салып әрі біртүрлі мінез көрсетіп отыратын, кейін былапыт сөзі үшін сотталып кеткен Мұрат Әбділданы ұмытып қалған жоқсыздар ма? Егер ұмытсаңыздар, бүгін еске салудың реті келіп тұр.

Қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан Мұрат Әбділданың авторлық жаңа әндері жазылған дәптерді белгілі әзілкеш актер Мансар Орынхан өзінің Instagram-дағы парақшасында (https://www.instagram.com/mansar.million/) жария етті.

«Мен, негізі, жаңа жыл мерекесін тойламаймын. Бірақ сонда да бүгін бір керемет жанды осындай шоқ гүлдермен және тәтті тортымызбен қуанту керек болып тұр. Ол кім? Ол, әрине, Мұрат Әбділда бауырымның анасы», – дейді актер әлеуметтік желідегі видеосында.

Сондай-ақ, бейнероликте Мұраттың жаңа әндерінің сөздері жазылған дәптер көрсетіледі. Дәптерге «Түркістан – махаббатым» деген ат қойылған. Мансар Орынханның айтуынша, бұл әндер әлі жарыққа шықпапты.

Айта кетейік, Түркістан облысының Сайран ауданындағы Оранғай ауылының тұрғыны Мұрат Әбділда 2022 жылдың 31 наурызында әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде қазақтың бір руына тіл тигізді деген айыппен Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

0
0
1134

Осы тақырып бойынша