Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
«Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Жер ресурстарын басқару комитеті және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 6 және 4 жұмыс күндерін құрайды. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
Кадастрды жүргізетін кәсіпорынға:
*Кадастрды жүргізетін кәсіпорынға берілген нысан бойынша жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні беруге өтініш;
*жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;
*жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын органының бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;
*ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
*бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген (БСН) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе нотариалды расталған куәліктің көшірмесі;
*өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың немесе төлқұжаттың көшірмесі.