Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындармен тілдесті

Облыстық және мәслихат депутаттығына үміткерлер «Шұғыла» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде сайлауалды бағдарламаға кеңірек тоқталды.

Кездесуде үміткерлер Н.Ибраев, Г.Есқалиева, Б.Мастеков, Г.Рахметова партия тарапынан бүгінге дейін атқарылған тыңдырымды тірліктер турасында да мағлұмат берді.

Сондай-ақ, үміткерлер тұрғындар тарапынан жолданған әртүрлі бағыттағы сауалдарға жауап беріп, түрлі мәселелерді көтерді. Мәселен, Г.Есқалиева мұғалімдердің мәртебесін көтеру тұрғысындағы пірімен бөлісті.

Үміткер Бауыржан Мастеков халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау – партияның негізгі мақсаты екенін тілге тиек етсе, Нұрболат Ибраев бағдарлама аясындағы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулардың бар екенін атап өтті. Ал Гүлмира Рахметова қаланы ілгерілету бағытындағы басымдықтарға тоқталды.

Аталмыш мөлтек ауданның тұрғындарының бірі Сәулемай Мұсабаева партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, алдағы айқын мақсаттардың онтайлы орындалуы жолында тілектестігін жеткізді.

1
0
150

Осы тақырып бойынша

Тұрғындармен тілдесті - Yvision.kz