Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түпқараған аудандық орталық аурухана 30617 халыққа қызмет көрсетеді.

Аудан бойынша емдеу-сауықтыру мекемелер саны – 7. Атап айтқанда орталық аурухана, емхана, Таушық дәрігерлік амбулаториясы, Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясы, Баутин дәрігерлік амбулаториясы, Қызыл-өзен ауылы фельдшерлік-акушерлік пункті және Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулаториясы. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 76066 қатысу жасалып (посещение), 1145 науқас стационардан ем алып шыққан. 2473 науқас күндізгі стационардан ем алса, 34 науқас үйдегі стационардан ем алған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары барысында Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен бірлесіп кестелік жоспар құрылған.

Түпқараған орталық аудандық ауруханасы қызметкерлері қатарынан, соның ішінде директорды қоса алғанда халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, елді мекендер бойынша бөлінген. Бекітілген кестеге сай Форт-Шевченко қаласы, Таушық, Баутино, Аташ, Қызыл-Өзен, Сайын Шапағатов, Ақшұкыр ауылдарының тұрғындары, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері және жеке сектор өкілдерімен кездесулер өткізілген.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру, халық денсаулығын қорғаудағы мемлекеттік саясат, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттеріне қатысты болашақтағы жұмыстар туралы айтылды. Сонымен бірге «Қаламқас» кеңорнындағы өндірістік компания қызметкерлерімен кездесу өткізілген.

МӘМС туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ақпарат таратудың барлық құралдары қолданылуда. Аудандық аурухана базасында МӘМС бұрышы құрылған, Форт-Шевченко қаласында 2 билборд орнатылған, аудандық газет беттерінде бірнеше мақалалар жарияланған. Қосымша «real time» режимінде, яғни халық банкі бөлімшесінде, халыққа қызмет көрсету орталығында, жұмыспен қамту орталығы және басқа халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттар берілген.

Сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлерінің МӘМС бойынша негізгі сұрақтарын түсіндіре алу қабілеттілікттері мен білім деңгейін анықтау мақсатында аттестация жүргізілген.

0
0
1408

Осы тақырып бойынша

Түпқараған аудандық орталық аурухана 30617 халыққа қызмет көрсетеді. - Yvision.kz