Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СЖҚ қоғамдық кеңесінің кезекті 8-ші отырысы.

Бүгін 27.08.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық партия филиалы жанындағы Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті 8-ші отырыс өтті. Отырыс барсында екі мәселе қарастырылды. Олар:

1. «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының» аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдау;

2. «Талды» ауылдық округінде «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының» орындалуы туралы есебін тыңдау;

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша БПҰ төрағасы мен бөлім басшысы баяндама жасады. Баяндаманы назарға ала отырып СЖҚ кеңес мүшелері жарыссөз жүргізіп, ұсыным тастады. Отырыстың соңында ұсынылған ұсынымды қамти отырып қаулы қабылданды.

0
0
214

Осы тақырып бойынша

СЖҚ қоғамдық кеңесінің кезекті 8-ші отырысы. - Yvision.kz