Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері туралы

А.ж. 3 ақпанда Департамент қызметкерлері М. Ахметқалиев пен А. Галеева Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Өз сөзінде М. Ахметқалиев семинарға қатысушыларды ҚР 2015-2025 жылдарға арналға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтарға тоқталды.

Сонымен қатар, семинар барысында Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері 2016 жылы  жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының  нәтижелері, сонымен қатар, мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің тиімді шаралары талқыланды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізілді.
Департамент госслужбы

0
0
248

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері туралы - Yvision.kz