Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы
Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша ХҚКО бөлімдерінде жемқорлыққа жол бермеу жүйесін жақсартуда. Өз кезегінде бұған қол жеткізу үшін жан-жақты әрі реттелген шараларды белгілеу мен жүргізуді қарастырады, ол үшін ХҚКО қызметкерлері кеңес беру және құжат қабылдау жұмыстары бойынша қарым-қатынастардың барлық түрлерінде сыбайлас жемқорлық белгілерін болдырмауға қатысты шараларды жүргізуде басты міндеттерді атқару қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Дегенмен, өкінішке қарай жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын артып келеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, зардабын жою және мүдделілерді жауапқа тарту – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, бұл барлық ұлтжанды азаматтардың парызы болып саналады. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа жол беруден аулақ болған дұрыс. Бүгінгі күні аумақтық ХҚКО бөлімдерінде қызметкерлердің құқыққа қарсы әрекеттері жайлы хабарлама жіберуге болатын электронды мекен-жайлар көрсетілген ақпарат тақтасы ілініп тұр. Сенім телефондары бар. ХҚКО ғимараттарында, бейнекамералар және арыздар мен ұсыныстар қорапшасы орналастырылған. Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.
ХҚКО-ның Байзақ аудандық
бөлімінің жетекші инспекторы
Сағыныш Абашұлы Қынатов
