«Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты»
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық субьектілеріне мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілеттіа дамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органға басқа мемлекеттік қызметші, құқыққорғау органының ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметтен бастауға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатылуға дейін жазаланады.Сыбайлас жемқорлық тек парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен жерлестік, тамыр таныстық байланыстар оңықпал етеді. Сол байланыстар арқылы өздеріне, сана-сезімдері мен білік-білімдеріне лайықсыз болса да, лауазымды орынға әлде кімдердің демеуімен келген біліксіздер, бұл жемқорлықтың нағыз бастауалар тұсы. Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарық танысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
