Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Тәуелсіздік алғаннан бері сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік деңгейде аса маңызды мән беріліп, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын -  алу шаралары белгіленуде.

Бұл дерт қоғам өмірінде әлі де болса көрініс табатынын мойындауымыз қажет. Мәселен, Елбасымыздың құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде сыбайлас жемқорлықтың әлі де тыйылмай келе жатқаны және онымен күрес жолдары атап көрсетілген болатын.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған белгілі-бір шектеулер сыбайластықты тежеуге негіз болды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – көптің белсене ат салысатын ісі. Осыған байланысты, әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспарлары жасалынып атқарылуда.Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету  болып табылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сарысу аудандық «ХҚКО» бөлім басшысы М. Бралиев

 
0
0
683

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты - Yvision.kz