ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге қарсымыз!

А.ж.  3 сәуірінде Балкашино с. орталық алаңынан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында  «Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге қарсымыз» атты автошеру бастау алды.

Автошеруге село тұрғындары, жастар, Балкашино № 1 ОМ оқушылары мен ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері қатысты.

Автошеруді ашу барысында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г. Қадырова өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес барлық қоғамның қолдауының арқасында  іске асырылатынын атап айты».

Автошеруге қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге қарсымыз!» атты ұранмен орталық алаңнан бастау алып аудан орталығының көшелерімен жүріп өтті.

Аудан орталығының белсенді жастары аталмыш автошеруге өздерінің оң бағаларын берді.

Департамент госслужбы